«Мен бұған сене алар емеспін»

1008

Super.mamasita атымен әйгілі болған қазақстандық танымал блогер Әлия Байтуғаева 5 миллион оқырманы бар Instagram парақшасынан айырылды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желісінде айтты, - деп «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп хабарлайды.

8-наурызда Әлия Байтуғаева бес миллион оқырманы бар аудиториясының өзіне қайтарылмайтыны жайлы айтқан видеосы жарияланды.

«Мен жаңа ғана менің парақшамның қайтарылмайтынын білдім. Бұны мен тіпті елестете алмаймын. Мен бес жыл бойы осы үшін тер төктім. Ал енді аккаунтымды қайтармайды. Бұған сене алмаймын. Бұл қалай болғаны» - деді ол көзіне жас алып.

Кейбір қазақ блогерлері #mamasitazhivi хэштегімен әлеуметтік желіде түрлі жазбаларымен қолдады.

Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында Алматы санитарлық инспекторлары карантин кезінде блогер “Супер Мамасита» өткізген тойдың видеосын тексеріп шыққан болатын.
Ал 2020 жылдың сәуірінде Әлия Байтуғаеваға карантин талаптарын бұзғаны үшін айыппұл салынған еді.

Сонымен қатар, блогердің тірі жолбарыстың үстіне мініп түскен суреттерін қазақстандықтар қатты сынға алды дейді БАҚ өкілдері.

Дина ЛИТПИН,
«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы