Феминизм қазақы ұлттық отбасылық институтты жойып жіберетін бағыт

7533
Adyrna.kz Telegram

Кеше Алматыда феминизмді қолдап, жалаулатып шыққандардан ешқандай этика мен мәдениетті көрмедім. Ал, Америка мен Еуропаның мұндай жастарында мәдениет пен кішіпейілдік, мейірімділік бар. Теңдік жайында айтыпты. Біздің елде заң алдында бәрі тең. Еркекке де, әйелге дезаң бірдей. Қызметте де, қандай жұмыс орындары болмасын, еркек жоғары айлық алуы керек, әйел төмен жалақы алуы керек деген «Еңбек кодексінде» ештеңе жазылмаған.

Бізде бәрі тең құқылы. «Отбасы және неке» туралы ҚР заңы тұтасымен әйелдің құқын қорғайды. Ал, еркектердің құқын қорғайтын бізде ешқандай да заң жоқ. Болмаған да. Бірақ еркектер «құқымызды қорғайтын заң керек» деп шыққан емес, намысы жібермейді.

Кешегі жалаулатқандардың ішінде шашы мен түр әлпетін еркекке ұқсатқан әйелдің, «Жатырымды не істесем де өзім білемін!», "Жол мұраты жету, қыз мұраты кету емес", "Ана болу міндет емес" деп плакат көтерген қыздардың масқаралығын көріп жағамды ұстадым. Бұл баяғы 7 ғасырдағы апартардың масқаралықтарынан еш кем емес. Бұл біздің қоғамның сұмдық регресске кеткенін көрсетіп отыр. Кешегі шеруде қазақтың ұлттық  өзегіне бұрын соңды күтпеген жойқын соққы берілді. Тең құқылымыз деп ұрандатқанымен, оның артында өте жымысқы, аярлық пен ұлттық құндылықтарды біржола жоятын, қазақтың болмысын өшіріп жіберетін ұстанымдар көрініп тұрды. Олардың арасында ЛГБТ өкілдері өріп жүр. Мұрат-мақсаттары бір. Қазақы құндылықтар мен ұлттық отбасылық құндылықтар жойылып бара жатқанына осы мысал бола алады. Әдеттегідей жерім мен елім деп шеруге шыққандарды малша сүйретіп, автозактарға тығатын полиция мен әскер де мұнда жоқ. «Міне, көрдіңдер ме, біз кімдер жағындамыз?» деген мысқылды анық көресің.

Феминизм ұстанымы қазақы ұлттық отбасылық құндылықты, ұлттық отбасылық институтты түгелімен жойып жібереді. Феминист әйелдер үшін обтасылық құндылық жоқ. Жаратқанның өзі табиғатынан тиесілі еткен әйелге тән міндеттерінен бас тартып, отбасылық құндылықтарға пысқырмайды да. Балаға қарау, баланы жуыдырып шайындыруға еркек те міндетті. Еркек не істесе, біз де соны істеуге құқылымыз деген принципті ұстанады. Бұл табиғатқа да сай емес. Еркек тек керегін тауып беру керек дегенді қолдамайды.

Феминизм – әйел мен еркектің табиғат жүктеген міндеттерін жоққа шығарып, Құдай жаратқан ер мен әйел арасындағы гармониялық балансты бұзып, қазақы отбасылық құндылықтарды жоққа шығарады. Бұл біздегі отбасы құндылықтары онсыз да жойылып жатыр. Кешегі әулет институты атымен құрып кетті. Әулетті тыңдататын, ақыл айтатын, жөнге келтіріп отыратын ақсақалдардың беделі де құрып барады. Бұл ұлтты құрту, ақсату, өзегіне құрт түсіру. Қазақ осы қасиеттерінен айырылса, алдағы уақытта қазақ болмайды.

Дәл осы ұстанымдағы қыздарды қолдайтындар көбейсе, жігіттер майдаланып, ез, мыжың, ынжық, албыстыға айналады. Ажырасқан отбасылардың саны мыңдап, тіпті миллиондап артады. Әкесінің «Ей!» деген сұсты сөзін, дұрыс әкелік тәрбиесін көрмей өскен қыз сияқты бұралқы, іске икемі жоқ албасты балалар қаптайды. Онсыз да мектептерді қазір тек әйелдер ғана сабақ береді. Бұл да регресс. ЛГБТ, гейлер де әкесінің тәрбиесін көрмеген мақұлықтардан шығады. Олар өмірді осылай екен ғой деп дәл солай қабылдайды. Олардың бойында еркектік қасиет атауымен болмайды. Түртіп қалсаң құлайтын, үрлеп қалсаң ұшып кететін бәлелер онсыз да қаптап кеткен. Солар ертең бір жағдайлар туындаса, ешкімді де қорғап жатырпас. Бұл идеологиялық майдан соғыс майданынан ауыр.

Дәл біздің қоғамда еркек пен әйелдің тең құқылы екенін мүлдем басқа бағытта түсінетін жастардың саны жетерлік. Айттық қой, бізде заң алдында бәрі бірдей. Конституцияда жазылып тұр.

Біз жақта бір жігіт үйленіп, бір қызды алып келген. Келін болып түскеннен кейін әлгі қатын «мен ауылда тұрмаймын, сенің әке шешеңнің қолында тұрғым келмейді, менің өз қалауым өзімде, өз еркіммен өмір сүремін, өз құқым бұл!» деп қылықтар шығарды. Оған жөнін айтқанымен, ол бәрібір өзінің алған бетінен қайтпады. Жігітті азғырды, көнюірмек болды, бірге алып кету мақсаты болды. Сонымен жігіт оның айтқанына келіспей, өз ата-анамның жанында боламын де қатынын үйінен өзі қуып шықты. Бір әулетті шығындап, былғап, беті бүлк етпей кетті анау қатын.

Шымкентте біраз бұрын бір мешітте жұма намазында отырған едік. Бір қария жолда жұма намазына келе жатып, темекі тарты тұрған бір қазақ қызына жақын келіп! «Әй қызым, мұның не сенің?» депті. Сонда әлгі қыз «Басымды ауыртпа старик» депті қарияға. Қария мешітке келіп, жыларман болып осы жағдайды айтып отыр. Феминизм деген осы. Оларда әйел отбасының жылуы мен мейірімі деген түсінік жоқ. «Әйел мойын, еркек бас» деп қазақ бекер айтпаған. Әйел тек қана құдай берген табиғатымен ғана еркекке мойын болмаса, намысты еркекті ешқашан да өзінің ырқына көрдіре алмайды.

Тіпті Ұлыбританияның темір патшайымы атанған Маргатерт Тетчердің өзі: «Мен үйде әйелмін, менің күйеуім қызметшісі дайындаған асты емес, менің дайындаған асымды ішеді» деген екен. Ой, Құдайым-ау! Қыздарға жөнін айтар аналарымыз бен апаларымыз қайда жүр!? 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер