Қазақстандық бойжеткен Қытайдың үздік студенті атанды

3219
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық бойжеткен Қытайдың үздік студенті атанды. Бұл туралы бойжеткен өз Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

 Жаннұр Ниязбекова – Қызылорда қаласының қызы. 3 ай бұрын аспан асты елі Қытайдың Президенттік стипендия иегері атанған.

«Қытайдың ең үздік студенті» дәрежесін алу Қытай студенттерінің өзіне де сирек бұйыратын дүние. Ол үлкен еңбекті қажет етеді. Қытайға алғаш келгенімде пәкістандық жігіттің осы дәрежені алғанын көріп, қазақ студенттерінен ешкім алмағанын естіп, «Жүлде, күт мені» деген едім. Айтқанымдай биылғы жүлде маған бұйырыпты», - деп жазды Жаннұр Ниязбекова.

Өзінің баяндауынша, осыдан 3 ай бұрын Қытайдың үздік студенті» жүлдесіне құжат қабылдау басталған.

“Чен деген мұғаліміміз Жаннұр сен де тапсыр, бағыңды сына, жеңесің, өзіңе сен деп маған құжат тапсыртты. Біздің университеттен барлығы жеті студент тапсырдық, ішінен мен және бангладештік студент екеумізді Бейжіңдегі оқу бөлімі таңдап алыпты. Рақмет саған туған жерім, рақмет саған туған елім, рақмет саған Қазақ елім”,- дейді Ж. Ниязбекова.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер