Арман қуған Куба

4008
Adyrna.kz Telegram

Медицина мен білім саласының тегін, азық түліктің кейбіреулерін халыққа тегін тарататын, байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылықтың өте аз деңгейіндегі, халықтың көбісінің бірдей айлыққа жұмыс істейтін, жастардың болашақта кім боламын деген жоспар онша көп құрмайтын Куба деген ел бар.

Американың санкциясы есебінен өмірлері 1960-ыншы жылғымен қалып қалған Кубаға Фидел Кастро сол кездегі Американың қойған президентін төңкеріп билік басына келді. Ең алдымен американдықтардан қалған байлықты халыққа теңдей таратып берді. КСРО-ның да көмегімен азық түлікті де тегін тарататын болды. 1960 жылында халқының 10%-ы ғана хат танитын болса қазір 99.8% халық хат таниды. 1991-інші жылы КСРО-ның ыдырауымен Куба сыртқы саудасының 80%-ын жоғалтты. Сол жылы экономикасының 60%-ын жоғалтты.

Кубаның экспортының 80%-ы қант еді. Бәрі тоқтап қалды. Әрине Американың кесірінен. Америка басқа елдерге де Кубамен сауда саттық жасауды тоқтатып қойды. Кубамен сауда саттық жасаған елдерге Америкамен сауда саттық жасауға болмайтындай етті. Кубаға барған кемелер 6 ай Америкаға бара алмайтын. Кедейленген Кубада қазір орташа айлық 30-40 доллар шамасында. Ең көп айлық алатын докторлар да 50 доллар шамасында алады. Халқының 90%-ының үйі бар. Қазір Кубаның халқы көбінесе туристтердің арқасында күн көреді. Таксисттер бәрінен көп ақша табады.

2008-ге дейін халыққа телефон ұстауға рұқсат етілмейтін. 2012-ге дейін тек қана отельдерде интернет болатын. Мобильді интернет 2019-да рұқсат етілді. Бірақ интернет өте қымбат болғандықтан (30 доллар шамасында) бір Кубалықтың орташа айлығы. Көп адамның шамасы жете бермейді. Кедей елдің халқы көбінесе шетелдегі Кубалықтардың есебінен күн көреді. Ұлттық құрама боксшылары кейде барған елдерінен еліне қайтпай қоятын әдеттері бар.

Сәбит РЫСБАЕВ

"АДЫРНА" ұлттық порталы

Пікірлер