Аймағамбетов бүгін кімге алғыс айтты?

7056
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгінгі мерекеге орай ұстаздарға ерекше алғыс айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгін – Алғыс айту күні. Сіздерді мейірімділік, жақсылық, достық пен ізгіліктің символына айналған мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Педагог-әріптестеріме пандемия мен карантиндік шектеулер жағдайында кәсібилік танытып, қажырлы еңбек еткені үшін ерекше алғысымды білдіремін. Мұғалімдер уақыттың жаңа сын-қатерлерін еңсеру үшін табандылық танытты. Сынақтардың арқасында мықты бола түстік, - деді ол.

Пандемия кезінде түсіністік танытып, оқушы мен студентке махаббатпен білім бергендері үшін ерекше ықылас білдірді.

"Осынау қиын кезеңде қолдау көрсетіп, түсіністік танытқаны үшін оқушыларымыз бен студенттеріміздің ата-аналарына алғысым шексіз. Біздің балаларымыз талантты әрі ақылды. Олар – еліміздің болашағы. Біз балалардың сапалы білім алып, Қазақстанның лайықты азаматтары болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке және толағай табыстар тілеймін, - деді Аймағамбетов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер