Бүгін алғыс айту күні

477

Бүгін көктемнің жадыраған алғашқы күнінде халқымыз Алғым айту күнін тойлайды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  № 173 Жарлыққа қол қойған болатын. Ол Жарлыққа сәйкес, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды. Дәл сол жылы еліміз өз тарихында тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өткен еді.

«Сталиндік режім кезінде Қазақстанға көптеген халықтар жер аударылды – 800 мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 550 мың Солтүстік Кавказ халқының өкілдері, 18,5 мың Қиыр Шығыстағы корей отбасылары көшіп келуге мәжбүр болды. Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан, олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді. Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірімділік, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», – деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірі күні ҚХА-ның XXII сессиясы барысында.

Алғыс айту күні- ынтымақтастыққа бастайтын мереке.

Пікірлер
Редакция таңдауы