Көпбалалы отбасында өрт шығып, түгелдей жанып кетті

12614
Adyrna.kz Telegram

25-ші ақпанға қараған күні Жылыой ауданы Құлсары қаласының Артығалиев көшесінде тұратын көпбалалы отбасының шаңырағында жантүршігерлік өрт орын алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Баспана көпбалалы отбасыға тиесілі. Алты баласымен далада қалған отбасыға жергілікті тұрғындар көмек көрсетуде. Құдай қолдап өрт болған түні үйде ешкім болмаған.

Бір күн бұрын үйден газдың иісі шығып, таңертең балаларының мұрыны қара күйе боп оянған. Сескенген ана балаларын алып, туысының үйіне кетіп қалған. Сорақысы, бір күн бұрын 104 нөміріне хабарласқан. Алайда, ешкім келіп, көмек көрсетпеген.

Қыраубаев Жеңіс пен Бурашева Әсемгүлдің алты баласы бар, кенжесі қырқынан шықпаған.
Үйді Қыраубаев Жеңістің әкесіне, Ұлы Отан соғысының ардагері деп құрметтеп Атырау облысының акиматы салып берген.

Адам шығыны болмағанымен,  аяқ астынан болған апаттық жағдайдың кесірінен бұл отбасы кәзіргі таңда, қақаған қыста баспанасыз қалды.
Мән-жай әлі де анықталып жатыр.

Пікірлер