Із-түзсіз жоғалған зейнеткер іздестірілуде

2192
Adyrna.kz Telegram

Алматыда із-түзсіз жоғалған зейнеткер іздестіріліп жатыр. 72 жастағы Евгений Савчин 19 ақпанда Қарасай батыр көшесіндегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Жақындарының айтуынша соңғы уақытта қарияның есте сақтау қабілеті нашарлай бастаған. Балалары оны көше бойында орнатылған бейнебақылау камералары арқылы іздеген. Алайда зейнеткердің ізі Жұмабаев-Жансүгіров көшелерінің қиылысында үзіледі. Қазір іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен жүздеген еріктілер тартылған.

«Әрине, кез келген сыйақыны беруге дайынбыз. Ең бастысы әкем аман-есен арамызға оралса екен. Ол өте ақкөңіл адам. Егер көріп қалсаңыздар, оны ешқайда жібермей, бізге хабарласуыңызды сұраймын», – деді қала тұрғыны Максим Савчин.

Зейнеткердің ерекше белгілері: бойы 164 сантиметр, дене бітімі арық келген, ақшашты, жасыл көзді. Үстіне қоңыр тон, үлбір қалпақ және көк жейде мен джинс шалбар киген. Өзімен бірге сары пакет болған. Жоғалған адамды көрген немесе жүрген жерін білетін адамдар болса, бірден құқық қорғау органдарына хабарлассаңыздар болады.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер