Депутаттар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін көтерді

1842
Adyrna.kz Telegram

Былтыр 9 айдың ішінде елде 9 мыңнан астам өрт дерегі тіркелді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Айтуынша, осы өрттердің салдарынан 228 адам көз жұмған. Тағы 217 азамат жарақат алған. Депутаттар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары тиісті деңгейде жүргізілмейді деген пікір білдірді. Сондықтан «Нұр Отан» партиясының фракциясы Үкімет басшысына сауал жолдап, осы мәселені қолға алуды талап етті.

Құжатта Төтенше жағдайлар министрлігі, өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, көп қабатты тұрғын үйлерге, әсіресе саяжай, басқа да жайлы емес тұрғын үйлерді қатаң бақылауға алу қажеттілігін атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер