Құжатсыз жолға шыққандар қамауға алынуы мүмкін

3106
Adyrna.kz Telegram

Полицейлер жеке куәліксіз немесе жүргізуші құжатынсыз жолға шыққан жүргізушілерді қамауға ала алады. Көлік айып тұрағына қойылуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі Kolesa.kzсұрауына жауап берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 612-бабы 1-бөлігіне сәйкес, көлікті құжатсыз басқарған жүргізушілер үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Егер жағдай бірінші рет тіркелсе, ескерту жасалады немесе 5 АЕК көлеміндегі (14 585 теңге) айыппұл салынады. Жүргізуші құжат мәліметін айтудан бас тартса немесе жалған ақпарат берсе, ІІБ қызметкерлері жүргізушіні қамауға ала алады. Мұндай жағдайда көлік айып тұрағына қойылады", - делінген жауапта.

Министрлік полицейлер құжатсыз жүргізушінің тұлғасы қандай жағдайда және қалай анықталатынын нақтыламады. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 785-бабында аты-жөнін анықтау үшін тәртіп бұзушыны ұстауға болатыны жазылған. Ал 789-бапқа сәйкес, оны 3 сағаттан артық қамауда ұстауға болмайды.

Сондай-ақ, кодекстің 797-бабы бойынша полицейлер рөлге құжатсыз отырған жүргізушінің көлігін айып тұрағына жіберуге құқылы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер