Мюнхгаузен синдромы: Сау қызын сал еткен ана

4230
Adyrna.kz Telegram

Мюнхгаузен синдромы туралы бұрын соңды естідіңіз бе? Бұл синдроммен ауыратын адамдар сіздің жаныңызда да болуы мүмкін. Себебі синдром белгілері: мүсіркеуді ұнататын, аяушылық сезіміне зәру, өзінің мәселелерін айтып, үнемі жалынышты күйде жүретін адам.

Мюнхгаузен синдромына шалдыққан жандар өздерін шектен тыс ауру қып көрсетіп, сіздің аяушылық көзқарасыңызды оятуға тырысады. Бұл өте күрделі, әрі қауіпті психологиялық синдром.

Адам көңілін өз мәселелерін айтып, шағымдану арқылы аулау мен өзі ойдан шығарған ауру белгілеріне ем іздеген адамның кейпін жасап, барлық адамнан қамқорлық күтеді. Өз өтірігіне өзі алданып қалған. Сырт көзге олай көрінбеуі мүмкін, өйткені олар білдіртпейді.

Қазақта «адамның іші бауырына кіру» деген аталы сөз бар. Дәл осы мюнхгаузен синдромымен ауыратын адамдарға айтылғандай.

«Мюнхгаузен синдромы» терминін 1951 жылы ағылшын эндокринологы Ричард Ашер енгізген болатын. Lancet журналында ауруға бейім науқастардың мінез-құлқын сипаттаған.

Ричард Ашер сидромның 3 типін анықтаған. Соның ең қауіптісі делегациялық типі. Ең сорақысы, зияны өзіне емес, өз қамқорлығындағы кішкентай балаға немесе ересек адамға тиеді. Жанұясындағы бір жанды ауру етіп көрсетіп, өзін соның қамқоршысы, көмекшісі ретінде таныстырып, сау адамды түрлі өтірік диагноздармен ауру етеді.

Дәл осы делегациялық типі туралы «The Act» (Притворство) мини сериалы нақты оқиғаға негізделіп түсірілген. 2019 жылы 20 наурызында көрерменге жол тартты. Бұл мини сериал несімен ерекше?

Болған оқиға ізімен түсірілген Ди Ди Бланшар мен Джипси атты бойжеткеннің таланға түскен тағдырын суреттейді. Джипси Бланшар көмекке зәру, мүмкіндігі шектеулі жандардың қатарында. Анасының айтуынша, эпилепсия, аллергия, тіпті ми ауытқуына да шалдыққан.

 

Оқиға 2008 жылдан басталады. Бланшар отбасы қайырымдылық қоры тарту еткен жаңа үйге көшіп келеді.

Жаңа көршілері бұл жанұяны көгілдір экраннан бірнеше рет тамашалаған. Қызы мен анасы қайырымдылық шараларында ән айтып, жұртттың жүрегін елжіреткен. Джипсидің әкесі анасының айтуынша, қиын кезде тастап кеткен. Диди Джипси қызының әрі құрбысы, анасы, жанашыры, қамқоршысы. Ай сайын түрлі қайырымдылық қорларынын, мейірімді адамдардан қаражат келіп түседі.

Арбаға танылған қыздың шашын анасы өзі қиып, тістерін суырады. Ең қызығы, қыз өзінің жүре алатындығын кейін байқайды. Жасы 18-ге келген бойжеткеннің төлқұжатын жыл бойы өзгертіп отырған. Санасы жеті жаста қалып қойғанын алға тартып, қызын мүсәпір ретінде көрсеткенді ұнатқан.

Тәтті аллергияң бар деп тіпті газды сусындар мен тәтті тоқаштарды да жегізбеді. Күніне қабылдайтын түрлі дәрі-дәрмектері мен екпесі бар. Жаңа үйге көшіп келгеннен кейін, Джипси өзіне құрбы табады. Өзімен жасты екенін іштей сезсе де, анасына деген сенімі жоғары болды. Құрбысының жігіті бар. Қызығып, әлеуметтік желілерге тіркеледі. Алғашқы сүйістің не екенін көріп, ішкі гармондары өзгере бастайды.

Жеке құпиялары пайда болады. Түнде өз аяғымен жүріп, рұқсат етілмеген сусындарды ішіп, таңертең түк болмағандай арбаға таңылады. Күндіз көңілге зәру, аяушылық сезімін оятатын қыз болса, түнде оның өз құпия өмірі бар еді. Жеке ноутбук сатып алып, таныстық сайттарына тіркеліп, сүйіктісін табады. Бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, кейін кездесуге бел байлайды.

 

Жаңа жыл қарсаңында анасымен фильм көруге барады. Жігіті де келеді. Алайда анасы олардың тілдесуіне қарсы боп, залдан шығып кетеді. Кейін Джипси қатты ашуланып, Дидиден құтылудың амалын ойластырады. Өкінішке қарай, оны өлтіруге шешім қабылдайды. Әлеуметтік желіде танысқан жас жігіттің де психологиялық ауытқуы бар боп шықты.

2015 жылдың 14 маусымында Дидидің фейсбук парақшасында жаңа ұстатарлық жазба жарияланады. «Диді өлі, өлтірдім» деген қорқынышты жазбаны көрген көршілері дереу полицияға хабарлап, үйге кіреді. Дидидің мәйітін көрген құзырлы органдар Джипсиге іздеу салады. Көршілері оның мүгедек екенін, өз еркімен ешқайда шыға алмайтынын алға тартады.

Ақыры, Джипси өз жігітімен бірге тұтқындалады. Сот залында ол барлық шындықты айтып, көзіне жас алады. Дидидің оның бар өмірін құртқандығын, ауру қып тәрбиелегені үшін жазалағанын айтады.

Қорыта келе, мюнхгаузен синдромына шалдыққан адамдар тек өздерінің өмірін ғана емес, өзгелердікінде өзгертіп, қор қылуда. Қоғамды алдауда. Кім біледі, біздің елдеде осындай олқылықтарға жол беріліп жатқан болар. Қатаң тексеріс керек.

Інжу ӨМІРЗАҚ

 

Пікірлер