28 жасар ер адам туысын қинап өлтірген

2268
Adyrna.kz Telegram

Талғар ауданында туыстар арасындағы түсінбеушілік адам өліміне әкелді, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 ақпан күні Талғар ауданы Полиция бөліміне Тұздыбастау ауылындағы жанар-жағармай бекеті аумағында ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қайтыс болған адамның 1973 жылы туған Байбұлақ ауылының тұрғыны екенін анықтаған.

– Қинап өлтіру белгілері бар ер адамның мәйіті табылды. Осыған орай, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмысқа қатысы бар күдіктіні жедел анықтау шаралары барысында 29 жастағы жігіт ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, – деді Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиядин.

Тергеу барысында күдікті қылмыс жасағанын толығымен мойындаған. Оның қайтыс болған ер адамға жақын туыс екені анықталды. Көп уақытқа созылған туыстар арасындағы кикілжің осы қылмысқа әкеп соққан.

– Тергеу барысында 1992 жылы туған жігіттің неге қылмысқа барғаны анықталады. Туысымен сөзге келіспей қалған ол ашуға бой алдырып, қолындағы пышақпен дене жарақатын салғаны белгілі болды. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды, – деп толықтырды Жанболат Зиядин.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер