Бекболат ҚАРЖАН. Ресейлік саясаткер Қазақстанның Ресейсіз болашағы бұлыңғыр деп отыр

5968
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің арнайы медиаметрикалық зерттеу орталығының саяси эксперті Игорь Николайчук Қазақстан НАТО-мен қарым-қатынас жасауы мүмкін, бірақ оларда ешқандай да стратегиялық міндеттеме жоқ деп отыр.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі, Ресеймен тең дәрежеде (мұндай кезде тең дәрежеде болып қалыпты. Негізі Қазақстанға батыстың ықпалы жүріп кетуінен үрейленген ресейлік саясаткерлер осылай сөйлейді) әскери-стратегиялық, экономикалық әріптестік орнатып, бір одақта жұмыс жасап отыр. Сондықтан Қазақстанның НАТО-мен қарым-қатынасы нәтижелі болмайды деп тоқтапты.

Ресейлік саясаткер Қазақстанды Армениямен салыстыра келе қорқытқандай болып, Арменияның артында Ресейден басқа тіреуі жоқ, онда Ресейдің бітімгерлік әскері бар. Ал Қазақстанға Түркияның (мұнда олар Тұран әскери одағын еске алады), Қытайдың геосаяси тартылысы барын айта кетеді. Николайчук Қазақстанды әлемдік немесе Орта Азияда саясаттағы центристтік ел ретінде мойындап (түркі елдерінің ішіндегі бітімгерлік миссияны орындай алатынын да мойындайды), қазіргі билік элитасының отырғанын мақұлдайды.

 

Николайчук Қазақстанды, Беларустьті Ресейдің стратегиялық одағы емес, әсіресе әскери-стратегиялық саладағы ажырамас серіктесі ретінде санайды. Бірақ Қазақстанға АҚШ пен НАТО-ның ықпалы жүріп кетуінен қауіптеніп, Қазақстанның тәуелсіздігі үшін Ресейдің атқаратын маңызды рөлін айтып кетті. Ал, НАТО мен АҚШ-тың әскери-стратегиялық, әскери-саяси қадамдары тек қана геосаяси принциптерге ғана негізделген. Бірақ Қазақстан өздігінен қазір қандай да бір қадамға бара алмайды дейді. Арасында Украинадағы жағдайды қосып, тағы да қорытқысы келеді. Қорытындылай келе, Қазақстанның Ресейсіз болашағы бұлыңғыр деп салды.

 

Соңғы кезде ресейлік саясаткерлердің Қазақстаннан ажырап қалу қаупі жайында байбалам салып отырғанын сіздер де білесіздер. Еуразиялық экономикалық одақтың да біздің еліміз үшін тиімсіз жақтарын, оның Ресейдің мүддесіне жұмыс жасайтынынан да хабардарсыздар. Сыртқы саяси жағдайларға зер сала қарасақ, Ресейге салынатын экономикалық санкциялардың зардабы бізге де соғады. Қазақстан да сыртқы саясатта тиімді таңдау жасайтын межеге келіп отырған сияқты. Сіз не дейсіз?

 

Бекболат ҚАРЖАН,

«Адырна» ұлттық портлалы

Пікірлер