Мыңдаған «мілиса» жұмыссыз қалуы мүмкін

4012
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік органдарға, оның ішінде Қазақстан Жоғарғы Соты мен Бас прокуратурасына ведомстволық бағынышты жекелеген объектілерді (аудандық және оларға теңестірілген соттар мен қалалық прокуратураларды) кейіннен оларды қорғау функцияларын бәсекелес ортаға бере отырып, мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер тізбесінен алып тастауға байланысты ІІМ штаты қысқартылады деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ІІМ "ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтына сілтеме жасап.

Тиісті жобаны ІІМ "ашық нормативтік-құқықтық актілер" сайтында жариялады". Құжатта ІІМ, атап айтқанда мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының лимитін 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қысқарту туралы айтылған.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 897 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасының 24 - тармағын іске асыру шеңберінде 2021 жылғы 1 мамырдан бастап мамандандырылған күзет бөлімшелерінің штат санының 2 924 бірлігі қысқартылады", - делінген қаулы жобасында.

Бұл ретте, жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейтіні атап өтілген құжатта.

Қазір министрлік штатында 126 563 адам бар, қысқартудан кейін 123 639 адам қалады. Бұл ретте бұрын мамандандырылған күзет бөлімшелерінде 13 083 қызметкер жұмыс істеген болса, мамырдан бастап олардың саны 10 159-ға жетеді.

Қаулы жобасы 2021 жылғы 22 ақпанға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Пікірлер