42 жастағы ер адам қар көшкінінен қаза тапты

3904
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облысында 1979 жылы дүниеге келген ер адам қар көшкінінен қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

2021 жылғы 10 ақпанда Облыс орталығынан келген алты саяхатшы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қарда сырғанап жүрген. Кенеттен таудан көшкін жүріп кеткендіктен демалушылардың бірін қар басып қалған.

«Дереу көмекке ШҚО ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы кинологиялық есеппен бірге Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты, құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен шықты, оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер қарда жүргішпен қосымша жұмылдырылды», - деді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

16.23 сағатта тікұшақ күннің бұлтты болуы мен көзге түрткісіз түтек бораннан қонуына мәжбүр болған. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып және зардап шеккенге дейін жетіп, қар астында қалған 1979 жылы туған еркектің денесін алып шыққанын хабарлады.

Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жеткен.

Бүгін 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминаллық полиция сарапшыдан тұратын топ, сонымен қатар 3 саяхатшы қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер