Алтынбек Сәрсенбайұлының қайтқанына 15 жыл - кім кінәлі?

4672
Adyrna.kz Telegram

Бүгін мемлекет қайраткері, саяси оппозиционер Алтынбек Сәрсенбайұлының жұмбақ өліміне 15 жыл толды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алтынбек Сәрсенбайұлы – 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі  (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004) сынды жауапты қызметтер атқарған.

1992 жылы А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды.

  • 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі,
  • 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі.
  • 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі. 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
  • 2003 жылы Президентке арыз жазып, өз еркімен қызметтен кетті. Журналистиканы жақсы білетіндер Сәрсенбайұлы басшылық қызметте болғанда көптеген телерадиостанциялардың жабылып, біразының жекеменшікке өткенін айтады.  1998 жылы елде теледидарлық және радиобағдарламаларды қайта үлестіру тендері өтіп, нәтижесінде ондаған телерадиостанциялары жабылған болатын. Оппозицияда болғанда, Алтынбек Сәрсенбайұлы бұл қадамы үшін тілшілерден кешірім сұраған.

Оқи отырыңыз: "Жас түркілер". Алтынбек Сәрсенбайұлы. 

2006 жылдың 11 ақпанында Алтынбек Сәрсенбайұлын көмекшісі Бауыржан Байбосынов және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге Алматы қаласының сыртында Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы тобы офицерлерінің қатысуымен жасалған қастандықтың нәтижесінде қаза болды.

Сол күні  Алматы облыстық ішкі істер басқармасының басқару пультіне Алматының қасындағы Көк-төбе поселкесінен  «жол жағасынан зорлықпен өлтірілген үш адамның мәйіті табылды» деген хабар келіп түсті.  Сол сәтінде олардың Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізуші Василий Журавлев екені белгілі болды. Алтынбектің өлімі қоғамда үлкен резонанс туғызды. Көшеге қарсылық митингісіне шыққан халықтың санында есеп болмады.

Саяси қастандықтың құрбаны болған Алтынбек Сәрсенбайұлы ел есінен ұмытылмасы анық.

 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер