2000 жылдардың басында Қазақстанның саясат сахнасына бір топ жас толқын келді. Мәскеуде оқыған, білімді, бизнесте де өз жолдарын салған алымды да шалымды, қарымды жігіттер еді. Сол кезде саяси элита бұларды 1908 жылғы Түркиядағы прогресшіл жастарға теңеп, «жас түркілер» деп атады. Болат Әбілов, Ораз Жандосов, Әлихан Бәйменов, Мұхтар Жәкішев, Сауат Мыңбаев, Алтынбек Сәрсенбайұлы, Ғалымжан Жақиянов, саясатқа тау қопарардай екпінмен келді. Арада көп өтпей өздерін билікке әкелген Назарбаевқа қарсы шықты. Білетіндер бұл істе Рахат Әлиевтің де қолтаңбасы бар дейді. 2002 жылы 3 сәуірде «Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы» деген партия құрды. Партияның тең төрағалары болып Болат Әбілов, Әлихан Бәйменов, Ораз Жандосов сайланды. Артынан тең төрағалыққа Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Людмила Жуланова қосылды.
Біз бүгіннен бастап «Адырна» ұлттық порталында «Жас Түркілер» деген атпен партияның әрбір мүшесіне қатысты саяси портреттерін жариялайтын боламыз. Бүгінгі әңгіме етпегіміз сол кездегі «Ақ Жолдың» «ақыл-ойы» мен «миы» атанған, саяси идеолог марқұм, Алтынбек Сәрсенбайұлы туралы.
Алтынбек Сәрсенбайұлы – 1962 жылы 12 қыркүйекте Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қайнар ауылында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист. Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2002-2003), Ақпарат және қоғамдық келісім министрі (2004) сынды жауапты қызметтер атқарған.
"Ақ жол" саяси партиясының негізін қалаушылардың бірі.
Бала кезінен кітап оқып, мақала жазуды жаны сүйетін Сәрсенбайұлы мектеп бітірген соң, бала кездегі арманы журналистика мамандығы бойынша 1980 жылдардың басында ҚАЗГУ-ге оқуға түсіп, 1985 жылы М.С. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тамамдады. Университетті аяқтағаннан кейін Қазақ телеграф агеттігінде, «Арай-Заря» журналының редакторы, «Өркен-Горизонт» газетінің бас редакторы болып қызмет етті.
Көп балалы жанұяда дүниеге келген Алтынбек он ағайынды болған. Өмірлік жары Салтанат Атушевамен Мәскеуде оқып жүргенде танысқан. 1988 жылы шаңырақ көтерді.
1992 жылы А. Сәрсенбайұлы Президент аппаратында, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде жауапты қызметтер атқарды.
Сол күні Алматы облыстық ішкі істер басқармасының басқару пультіне Алматының қасындағы Көк-төбе поселкесінен «жол жағасынан зорлықпен өлтірілген үш адамның мәйіті табылды» деген хабар келіп түсті. Сол сәтінде олардың Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізуші Василий Журавлев екені белгілі болды. Алтынбектің өлімі қоғамда үлкен резонанс туғызды. Көшеге қарсылық митингісіне шыққан халықтың санында есеп болмады.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тез арада өлтіргендерді табуға бұйрық берді. Артынан Алтынбек пен серіктерін өлтіргендер де табылды. Осыған байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылары мен "Арыстан" арнайы бөлімі қызметтен кетті. 25 ақпанда сенат аппаратының басшысы Ержан Өтембаев тұтқындалды.
Тергеу жұмыстары анықтағандай, Өтембаев Алтынбек Сәрсенбаевқа оның бірнеше сөздері үшін өкпелеген екен. Бұл саясаткерді өлтіруге тапсырыс беруге себеп болған көрінеді. Өлтіруге ІІМ бұрынғы офицері мен "Арыстан" арнайы бөлімі қатысты болып шықты. Олардың барлығы қамауға алынып, 2006 жылыдың жаз мезгілінде ұзақ мерзімге қамауға алынды: тапсырыс беруші Ержан Өтембаев 20 жыл бас бостандығынын айырылып, атқарушы Рустам Ибрагимов өлім жазасына кесілді, бірақ ол кейін өмір бойы бас бостандығынан айыру үкіміне алмастырылды. Алтынбек Сәрсенбаевтың туыстары мен серіктері әлі күнге дейін тергеу жалған жолмен жүрді, ал өлімге тапсырыс беруші адам табылмады деген сенімде.

- 1993 жылдан бастап он жыл бойы баспа, ақпарат және мәдениет саласының мемлекеттік органдарын басқарды. 1993 жылдан Баспа және ақпарат министрі,
- 1995 жылдан Баспа және ақпарат жөніндегі Ұлттық агенттіктің төрағасы, 1997 жылдан Қоғамдық келісім және ақпарат министрі, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы қоғамдық келісім, ақпарат және мәдениет министрі.
- 2001 жылдың мамырынан желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы — Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық Қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі. 2002 жылдың қаңтарынан дипломатиялық қызметте, Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
- 2003 жылы Президентке арыз жазып, өз еркімен қызметтен кетті. Журналистиканы жақсы білетіндер Сәрсенбайұлы басшылық қызметте болғанда көптеген телерадиостанциялардың жабылып, біразының жекеменшікке өткенін айтады. 1998 жылы елде теледидарлық және радиобағдарламаларды қайта үлестіру тендері өтіп, нәтижесінде ондаған телерадиостанциялары жабылған болатын. Оппозицияда болғанда, Алтынбек Сәрсенбайұлы бұл қадамы үшін тілшілерден кешірім сұраған.



"Адырна" ұлттық порталы