Қыз зорлаған экс-прокурор мен банк менеджеріне қатысты сот үкімі шықты

1958
Adyrna.kz Telegram

Бойжеткенді үйіне шақырып, зорлаған экс-прокурор мен банк менеджеріне қатысты соттың шешімі шықты.

Бүгін мемлекеттік айыптаушы Алматыдағы Бостандық аудандық сотында Тимур Тілембаев пен банктің бұрынғы топ-менеджері Қанат Әлиқұлдың қылмыс жасаған кезде мас болғаны ескеріліп, жазаның күшейтілгенін және істің толықтай дәлелденгенін жеткізді. Енді олардың әрқайсысы жәбірленуші тарапқа бір жарым миллион теңгеден беруі тиіс. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Теміржан ҚҰДАБАЕВ, №2 Бостандық аудандық сотының Судьясы:

«Сот қылмыстық-процессуалдық кодекс баптарының негізінде мынадай шешім қабылдады. Қанат Әлиқұл мен Тимур Тілембаев кінәлі деп танылып, әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылады. Екеуі де жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді».

Қылмыстық іс басталғалы алты ай бойы үйқамақта отырған прокурор отырыс аяқталғаннан кейін бірден қамауға алынбақ. Және олардың 15 күн ішінде аппелияциялық сотқа шағымдануына болады.

Естеріңізге сала кетейік осыдан алты ай бұрын 2019 жылы банк қызметкерінің үйіне қонаққа барған қызды бұрынғы прокурор екеуі күштеп зорлаған. Қашып шыққан жәбірленуші осыдан кейін бірден құқық қорғау орындарына жүгінген еді. Алайда, адвокат тәртіп сақшылары күдіктілерге көмек көрсетіп қорлық көрген қыздың мекен-жайын берген.

Осыдан кейін оның үйіне келіп қорқытқаны туралы хабарлаған болатын. Бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп, мерзімінің өткеніне байланысты іс жабылыпты. Ал, қорғаушы зорлық уақытының болғанына небәрі бір жыл ғана өткенін жеткізді.

 

Пікірлер