U, ū, ü және y

2160
Adyrna.kz Telegram

Әліпби түзуде жазарманның санасындағы әріптердің графикалық портреттерінің мүмкіндігінше психобейнесімен үйлесуін ескерген жөн. Өйткені әліпби ең алдымен жазуға жеңіл болуға тиіс.

Жаңа әліпбиде у, ұ, ү үшін u, ū, ü таңбалары дұрыс алынған.

Біріншіден, у, ұ, ү дыбыстарының еріндік сипаты бойынша ортақ белгісі бар. Бұл дыбыстардың базалық бейнелері ұқсас u, ū, ü таңбаларымен берілген.
Екіншіден, латыннегізді u, ū, ü таңбалары мәтін ішінде тез танылады және қолдағдыға ыңғайлы, көзшалымға қолайлы.
Үшіншіден, ū-ға макрон (әріпүсті сызық) диакритикалық белгісі, ал ü-ге умляут (әріпүсті қос нүкте) диакритикалық белгісі қойылған. Макрон белгісі дауыстының жуан екенін білдіреді. Ал умляут белгісі дауыстының жіңішке екенін білдіреді. Бұл диакритикалық белгілер арқылы аталмыш таңбаларды оңай ажыратуға болады.

Жаңа әліпбиде кирилдегі ы әрпінің орнына y таңбасы алынды.

Қазіргі таңда латын әліпбиін пайдаланушылардың, әсіресе жастардың басым көпшілігі латыннегізді у-ны ы деп оқиды. Бұл әріп те көзтанымға жеңіл болады деген ойдамыз.

Қуаныш Жұмабекұлы
PhD докторы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер