Қар құрсауынан 72 адам құтқарылды

2453
Adyrna.kz Telegram

2021 жылғы 7 ақпандағы демалыс күні Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы облыстық және республикалық маңызы бар автожолдарда қар құрсауынан 72 адам құтқарылып, 27 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге ТЖ департаменттерінің, жергілікті атқарушы органдардың, жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында ТЖД күшімен Шаховское ауылынан 1994 жылғы жүкті әйел жедел жәрдем көлігіне жеткізілді»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, ауа-райының нашарлауына байланысты (көктайғақ, қар аралас жаңбыр, төмен қарлы боран, көру мүмкіндігі шектеулі) 6 ақпаннан бастап еліміздің сегіз өңірінде автожолдар жабылған болатын.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер