13 жыл бойы алимент төлемеген әке ұсталды

2722
Adyrna.kz Telegram

Павлодарлық полицейлер 13 жылдан бері баласына алимент төлеуден  жалтарған қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алимент төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау мәселесі біздің елімізде тек отбасылық мәселе емес, сондай-ақ мемлекеттік проблема да болып табылады. Сот шешімдеріне қарамастан, алимент төлеуден жалтарған жауапсыз азаматтардың алимент бойынша қарыздары жыл сайын артып келеді, ал кейбіреулері айтарлықтай сомаға жеткен.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров 2021 жылдың басынан бері өңір аумағында осындай бес факт тіркелгенін айтты.

– Мысалы, кәмелетке толмаған баласын асырауға қаражат төлеу түріндегі сот шешімін 13 жыл бойы орындамаған Павлодар қаласының тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деп хабарлады Жасқайрат Қайыров.

«Адырна» ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер