Мектеп оқушысы бір миллион теңге сыйақыға ие болды

2405
Adyrna.kz Telegram

Шығыс Қазақстан облыстық "Білім-инновация" мамандандырылған лицейінің оқушысы Темірлан Байболов El maqtanyshy сыйлығының иегері атанып, бір миллион теңге сыйақыға ие болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Алтайньюс. сайтына сілтеме жасап.

"Елбасы академиясының" мәліметінше, бұл сыйлық беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлеріне арналған.

Темірлан Байболов 2020 жылы ІОІ информатика пәнінен халықаралық олимпиадада күміс медальді жеңіп алған. El maqtanyshy – оның екінші сыйлығы.

Он бірінші сыныптың озат оқушысы жаз бойы олимпиадаға дайындалыпты.

"Бұл жоба дарынды балалардың есімдерін дәріптейді. Олардың бас қосып, пікір алмасуына мүмкіндік береді. Материалдық көмек те қуантады, әлбетте. Әсіресе көп жағдайда есімі аталмай қалатын мұғалімдердің де еңбегі еленеді. Сонысымен ұнайды", – дейді Темірлан.

 

Пікірлер