Екі мемлекетте халық жаппай көшеге шықты

2034
Adyrna.kz Telegram

Кеше көршілес жатқан екі елде халық ығы-жығы жиналған акция өтті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазақстан мен Ресейде қатар өткен акцияда жиналған адам саны аз болмаған. Алайда Ресейдегі акция халық наразылығы болса, біздегі жұрт ұтыс ойынынан көлік ұтып аламын деген үмітпен көшеге шыққан. Екі мемлекеттегі осынау жағдайларды әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқылады. Белгілі журналист Гүлжан Ерғалиева: «Ресейдің бірнеше қаласында ресейліктер «Путин кет!», «Путин ұры!» деген ұрандармен ел тағдырын шешу мәселесімен көшеге шықты. Дәл осы мезетте Қазақстанның бас қаласында да жұрт жапырылып көшеге шықты.

Өкінішке қарай, қазақстандықтар ел тағдыры үшін емес, әлдебір дүкеннің ашылу құрметіне орай арзан бағамен сатылған тауар алуға және ұтыс ойынына қатысу үшін Нұр-Сұлтанның көшелерінде кептеліс тудырған»,-деп жазды. Енді бір әлеуметтік желі қолданушы: «Қазақстанда халықты көшеге шығару үшін тегін палау таратса да, жеткілікті екен» деп жазды.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер