Эколог Бозжыра шатқалына қатысты маңызды пікір білдірді

3235
Adyrna.kz Telegram

Талайды тамсандырған "Бозжыра шатқалына қонақ үй салынады" дегеннен бастап бұл тақырып қоғамда қызу талқыға түсті. Бірі құптаса, бірі даттауда. Бұл туралы эколог Түменбай Қалжан өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Алты жылдан аса табиғатты қорғау саласында қызмет еткен маманның айтуы бойынша, қараса көз тартатын әдемі табиғатты таныту керек. Бозжыра шатқалында салынатын қонақ үй құрылысын қолдайтынын айтты.

" Маман ретінде, біздің елімізде туристік, демалатын орындардың көп болғанын қалаймын. Әсем табиғатты әлемге таныту керек. Өркениетті елдердің тірлігін істеп, алға жылжып даму керек. Қоғамның барлығы дерлік бұған қарсы емес. Тек дұрыс жағынан түсіндіре білу керек",- деді эколог маман.

Естеріңізге сала кетейік, Бозжыра шатқалы Маңғыстау облысынан 300 км жерде орналасқан табиғи ескерткіш. Бұған дейін әлеуметтік желілерде бір топ құрылыс жұмыскерлерінің шатқалды торуылдап жүрген бейнеролигі таралып, шу шыққан еді. Кейін облыс әкімі түсініктеме беріп, құрылыс басталмағанын алға тартты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер