Сильвия Сандовал: Майкл Джексон Димашқа осы плакатты сыйлайтынымды сезгендей..

5639
Adyrna.kz Telegram

Кездейсоқтықтың бәрі кездейсоқтық емес. Сильвия Сандовал — Димаш Құдайбергенге ерекше сыйлық жасаған жанкүйерлерінің бірі. Ол 1994 жылдың 24 мамырында дәл қазақстандық әнші дүниеге келген күні әлемдік поп-музыка королі Майкл Джексонның өзінен қолтаңба алған. 24 жылдан кейін Сильвия көзінің қарашығындай сақтап келген плакатын Димаш Құдайбергенге тарту етті.

Америкалық әйелдің айтуынша, өнерпаздың дауысы оның өмірге деген құлшынысын оятқан.

« Димашты теледидардан кездесейсоқ көріп қалдым. Есіме бірден Майклды түсірді. Тіпті сол кісі секілді сөйлейтіндей көрінді. 2 жыл өткен соң ол Калифорнияға келді. Әншінің байсалдылығы мен ұстамдылығын
поп-музыка короліне ұқсатып, оған Майкл берген плакатты сыйлауға шешім қабылдадым.

Сүйікті әншіме сыйлығымды берейін деп жатқан кезде плакаттағы «24/5/ 94» деген жазуға көзім түсіп кетті. Бұл Майклдың қол қойған күні еді. Ал 1994 жылдың 24-ші мамырында Димаш Құдайберген өмірге келді! Менің сол сәтте не сезінгенімді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес!
Бүкiл денемнен ток жүрiп өткендей болды»,-дейді ол.

Сильвия Сандовал кездесу барысында кумирінен плакатты айналдырып қарауын өтінген.

«Ол бұған сене алмай, бірден мені құшақтады. Барлығымыз жылап жібердік. «Бұл плакатты 24 жыл бойы сақтадым, енді оған сен бас-көз бол»,-дедім мен.

Майкл маған плакатты бүктеп жатқанда: «Егер сізге осы постерді біреуге беру қажет болатын болса, оны міндетті түрде мені жақсы көретін адамға тарту етіңіз»,-деп өтінді. Мен солай жасадым. Оны Майклды шынымен жақсы көретін адамға бердім. Шыны керек, Майкл бір күні Димашқа дәл осы плакатты беретінімді сезген секілді. Таңғажайып оқиға!»- деп ағынан жарылды отандасымыздың жанкүйері.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер