«Iı-нің үстіндегі нүкте қайда кеткен?» дейтін жазарман үшін!

2432
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/416adf5c-7c73-4017-8510-01763a6c833c-960x500.jpeg?token=92b64b23e05ca66c322d275f37218d0d
Жетілдірілген жаңа әліпби бойынша і «ı», и, й «і» болып таңбаланады. Бұл дұрыс шешім болды! Біріншіден, латын графикасына көшудегі негізгі мақсаттардың бірі – диакритикалық таңбаларды барынша аз қолдану. Жаңа әліпбиде бірнеше әріп қана диакритикамен берілді. Олардың жиілігі төмен. Жиілігі жоғары ызың ш дауыссызына – (ş) седиль алынды. Ş әріпасты диакритикамен берілгендіктен, қолжазуға ыңғайлы. Екіншіден, қазақ тілінде і – жіңішке қысаң дауысты дыбысының жиілігі и, й-лерден әлдеқайда жоғары. Жазу барысында артық ноқаттар қиындық тудыруы мүмкін. Яғни ноқатсыз ı өте қолайлы. Мысалы, ını, ıs, bılım, ılım. Үшіншіден, и, й-лер бойынша шеттілдік сөздердің сыртқы белгілері (тұрпат межесі) өзгермейді, institut, kino, fabrika сияқты сөздер оңай танылады. И, й «титл (tittle)» деп аталатын нүктесі бар «і» болып таңбаланғаны дұрыс. Латын әліпбиін пайдаланушылар бұл әріпті і деп оқымайды. Яғни kino-ны кіно емес, кино деп оқиды.

Қуаныш Жұмабекұлы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері

Фейсбук парақшасынан

Комментарии