Ресейліктер Путиннің ескерту ишараларын тыңдағысы келмейді

2098
Adyrna.kz Telegram

HardTalk бағдарламасының жүргізушісі Стивен Сакур Алексей Навальныйдың жақын серігі, саясаткер Леонид Волковпен сұхбаттасып, оппозиционердің хал-жағдайын сұрап білді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазір Навальныймен заңгерлер арқылы байланыса аламыз. Ешкім онымен жеке қалып сөйлесе алмайды. Билік барлығын өз бақылауына алды. Бүгінде Алексей өз камерасынан наразылық білдіріп жатыр деу – бұл асыра айту. Шындығында, оның мұндай мүмкіндігі жоқ. Бірақ Навальный құрған және қазір мен басқарып отырған саяси құрылым кем дегенде біраз уақыт бұл қарқынға төтеп бере алады»,-деді ол.

Волковтың айтуынша, оппозициялық саясаткердің жағдайы жақсы.

«Физикалық тұрғыдан алғанда, ол толықтай қалпына келді деп айтуға болады. Өйткені, Навальный Ресейде елеулі тәуекелдерге тап болатынын түсінді. Айта кететін дүние бар. Қазір Навальный танымал «Матросская тишина» тергеу абақтысында отыр. Осы түрмеде 2009 жылы алаяқтық әрекеттерді әшкерелеуге тырысқан заңгер Сергей Магнитский азапталып, қайтыс болған еді. Бұл Ресейдің құпия қызметі ФСБ басқаратын түрме. Яғни, ол бес ай бұрын досымызды өлтіруге тырысқан адамдардың бақылауында»,-деп сөзін толықтырды саясаткер.

Сұхбат барысында Леонид Михаилұлы ресейліктердің Путиннің үндеулеріне назар аудармайтынын атап өтті.

«Қуантарлығы, ресейліктер енді Путин мырзаның ескерту ишараларын тыңдағысы келмейді. Қазір олар Ресейдің оңтүстігіндегі құны бір миллиард фунт тұратын сарай туралы толығымен біледі. Бес ай бұрын болған Навальныйдың улануы туралы біледі. Осы улануды 40 миллион адам зерттеді. Бүгінде Путиннің өтірікке негізделген насихаты бұдан бірнеше жыл бұрын болған сияқты эффективті емес»,-деді ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер