НОД ұйымы үш қаламызда жұмысын бастапты (видео)

11078
Adyrna.kz Telegram

НОД ұйымының өкілдері емін-еркін азаматтарды өз қатарына тіркеу жұмыстарына кірісіпті. Еліміздің Павлодар, Қостанай, Өскемен өңірінде қызу жұмысқа кіріскендерін мәлімдеген бұл ұйымның өкілдері «КСРО-ның азаматтығынан бас тартпайтындарын» ашық айтуда деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Ютубтегі ақпарат тараған арнаға сілтеме жасап.

«ҚазССР атынан» әріптестерін құттықтаған НОДтықтар бұл бейнежазбаны тарихи сәт деп бағалапты. Орыс тілінде өзара сөйлескен азаматтардың әрекетінен НОД ұйымының арнайы өтініш хатын толтырып жатқанын анық байқауға болады. «Үлкен қадам жасадық» деп марқайғандар «кеңестік адамдарды біріктіретін жайттарға да тоқталады».

Еліміздің үш аймағын бұл ұйым мүшелері бекер таңдамағаны бесенеден белгілі. Өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған және Ресеймен шектесетін аймақтардан жұмысын бастаған бұл ұйымның түпкі ниетін аңғару қиын болмас. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындамайтын мынадай ұйымдар құзырлы органның назарына алынады деп сенеміз.

Пікірлер