Мәдениет және өнер қайраткерлеріне Елбасының стипендиясы табысталды

1237

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша белгілі мәдениет және өнер қайраткерлеріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының 2020 жылғы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын табыс етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекеттік стипендия Қазақстанның 75 әдебиет пен өнер қайраткеріне тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы стипендиясы Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асанәлі Әшімов, Нұрғали Нүсіпжанов, Александр Гарковец, Дулат Исабеков, Иранбек Оразбаев, Болат Аюханов, Гульвира Разиева және басқа да қазақ әдебиеті мен өнерінің майталмандарына табысталды.

Сонымен бірге, ақындар Бауыржан Халиолла, Мирас Асан, балерина Әсел Жанғасқаева, актер Аян Өтепберген, өнертанушы Валерия Недлина және өзге де жас дарындарға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket