Бішкекте құнды кітаптар таныстырылды

989

Бішкек қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен өткен «Жамбыл - қазақ-қырғызға ортақ ақын» атты алқалы жиын аясында қазақша-қырғызша кітаптардың тұсаукесер рәсімі жасалды. Атап айтқанда, Түркі академиясы әзірлеген қырғыз халқының әйгілі «Манас» эпосының қазақша нұсқасы көпшілік назарына ұсынылды. Дастанды қазақша жырлаған белгілі манасшы, ақын Баянғали Әлімжанов.  Сонымен қатар, Академия баспаға дайындаған Абай Құнанбайұлының таңдамалы шығармалары топтастырылған қырғыз тіліндегі академиялық жинағы да оқырманға жол тартты. Аталған жинаққа енген Абай өлеңдерінің қырғызша аударылуына Керимбек Кадыракунов пен Туголбай Казаков елеулі үлес қосты. Осы орайда Академия басшысы Абай  мұраларын қырғыз тіліне аударған аудармашыларды Түркі академиясының арнайы медальдарымен марапаттады.

Айта кету керек,  былтыр  Баку қаласында өткен Түркі академиясының  Ғылыми кеңесінде 2020 жылғы Түркі әлемінің атаулы даталары қатарында Maнас дастанының 1125 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту бекітілген еді. Академия жыл бойы осы межелі даталарға арнап бірқатар халықаралық шаралар өткізген болатын.

Ұйымдастырушы:

Халықаралық Түркі академиясы,

байланыс телефоны 57-49-83

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket