Қазақты атқа қондырған Путиннің идеологтары мақсатына жетті ме?

6783
Adyrna.kz Telegram

Бұған дейін Қазақ елінің тұтастығына күмән келтіретін оғаш мәлімдемелер жасаған Ресей мемлекеттік думасының депутаты Вячеслав Федоров енді басқаша сөйлеп, Қазақстан халқына алғысын жеткізіпті.

Қазақстандағы парламенттік сайлау қарсаңында  ұлтшыл-патриоттардың делбезесін қоздырып,яғни әр өңірде атты шеру жасауға мұрындық болған А.Никонов,В.Федоров,В.Жириновский,т.б сияқты В.Путиннің саяси идеологтарының көздеген мақсаты қандай?

Конституциядағы көрсетілген,яғни ең маңызды адам құқығы мен бас(сөз) бостандығы аяққа тапталса да, бейбіт митинг пен пикетке  шыға алмаған дүйім халықтың көбі жері-Отанын қорғауға,яғни қаны мен жанын беруге дайын ба?

«Отан» деген не?

Мысалы белгілі публицист,репортер А.Невзоров:

«Отан»  абстрактілі және бұлдыр ұғым болғаны соншалық, оны кез келген саяси материяға оп-оңай айналдыруға болады.Қарапайым тілмен айтқанда, бұл ұғым адамды алдап-арбау болып табылады. Ешкімде ешқандай «отан» болмаған,яғни тек халықты өз игілігі үшін пайдаланған авторитарлық режим жүйесі ғана бар.Әртүрлі  режимдер «ұзақ әрі бақытты өмір сүру үшін» қажетті мифологияны тықпалап, патриоттық романтикамен  халықты улап келген. Осы идеология арқылы қаншама уақыт ұрпақтан ұрпақты шырмап келеді. Саяси режимнің өзі ақымақ, зұлым және залым болып,«халықтың қанын ішуі», зорлық-зомбылық көрсетіп, өзінің миллиондаған бодандарын өлтіруі өз алдына,егер ол бір ғана айла-қулық көрсетсе, зорлық-зомбылық көрген халық басынан өткерген сойқанды тез ұмытады да, соған риза болады.Авторитарлы режимдердің бәрі осы айла мен қулықты жасайды. Әрине бұл алаяқтық, бірақ халыққа бұл өте ұнайды.Себебі олар "Отанды"іздейді және қалайды.

Ал шындығына келсек «Отан» соғыс ашпайды және қуғын-сүргін жасамайды. Олар тек ой мен қиялда ғана. Соғыс пен қуғын-сүргін — бұл режимнің ойыны,«отан үшін»  мерт болғандар өз өмірлерін режим үшін, оның ақымақтығы мен қателігі немесе қыңырлығы үшін қиды. Мұндай айла-қулықтың бір түрі ретінде әскери наградаларды пайдаланды. Адам режимге есту, көру қабілетін, жылдарын немесе аяқ-қолын береді, ал оның орнына жылтыраған темір алады, әдетте мұндай алаяқтықтың құрбандары өзін алдап соққаны үшін қуанып, өзінің ақымақтығының белгісімен мақтанады.

Саяси режим қаншалықты жиіркенішті болса да ғасырлар бойы осы сенімді стратегияны қолданып келеді.

Бұл ескі тәсіл әсіресе сыртқы қауіп-қатер төнгенде тиімді. Ол тағы да дегеніне жетеді. Миллиондаған адам әндетіп, сапқа тұрып, әрі қарай өмірлерін қиюға кете барады. Ал режимді қорғап келген жеңімпаздар тағы бұғауға байланады. Содан кейін ұзақ уақыт өздерінің "отанды" қалай қорғағандарын айтып, мақтанады. Негізінде олар қайыр тілеп, бір біріне жала жабу және өлу үшін күресті-деп "Отан" ұғымын осылай түйіндейді.

Құрметті халайық сіздер А.Невзоровтың бұл пікірін қаншалықты дұрыс яки бұрыс деп бағалайсыздар???

 

"Демос"ҚБ төрағасы Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ.

 

Автордың көзқарасы редакцияның  көзқарасын білдірмейтінін ескертеміз.

Пікірлер