Жұрт WhatsApp-тан кетіп жатыр

2282
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/01/whatsapp-vs-telegram-vs-signal-a-detailed-comparison-356x220-1.jpg
Соңғы үш аптада WhatsApp 30 миллионнан астам абоненттен айырылды, деп хабарлайды The Guardian-ға сілтеме жасаған Спутник-Қазақстан. Қолданушылар Signal және Telegram мессенджеріне көшіп жатыр. Қаңтар басталғалы Signal-ды қолданушылар саны 7,5 миллионға, ал Telegram жүктегендер 25 миллионға артқан. Қазақстанда Telegram қолданушылары көп деуге болады, алайда Signal танымал емес. ЦРУ-дың бұрынғы қызметкері, әлемге танылған Эдвард Сноуден күнде Signal қолданатынын айтқан болатын. Белгілі бизнесмен Илон Маск та осы қосымшаны жүктеп алуға шақырды. Еске сала кетсек, WhatsApp 8 қаңтарда жаңа қолданушы келісімін жариялады. Оған сәйкес, қосымшаның жаңа нұсқасын пайдаланушылар Facebook-пен ақпарат бөлісуі керек болады. Мұндай жаңашылдық жұрттың көңілінен шықпады. Қолданушылар жеке ақпаратын бөліскісі келмейтінін жеткізді. Сондықтан WhatsApp жаңа келісімді енгізу мерзімін 15 мамырға шегерді.
Комментарии