АМА стилі туралы

2029
Adyrna.kz Telegram

Шет елдік ғылыми басылымдарға зерттеу мақалаңызды жариялау үшін басылым талаптарына қарай ғылыми стильдердің бірін таңдау қажет болады. Өткен жолы біз АРА туралы шолу жасадық. Енді АМА туралы пікірімізді ортаға саламыз.

АМА (American Medical Association) стилі де қалыптасқан ғылыми стильдердің бірі.
Аталған стиль академиялық ортада авторларға өз зерттеуіне байланысты белгілі бір теорияның дәлелденуі немесе белгілі бір өнертапқыштық, жаңа ғылыми ашылуға байланысты қолданылатын, яғни, ол теорияның немесе жаңалықтың ашылуына қандай зерттеу ықпал еткенін көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.

АМА ғылыми сілтемелік стилін америкалық медициналық қауымдастық арнайы шешіммен алғашқыда тек өз басылымдарында қолдану мақсатында қалыптастырған. Бүгінгі күні бұл стиль тек медициналық басылымдарғда ғана емес, кез келген өнертапқыштық, ғылыми жаңалықтарға байланысты түрлі салалық зерттеулерде кеңінен қолданылады.

Сол себепті де бірқатар өзгерістерге ие. Бұл стильде дәйексөздер де, сілтемелерге де сілтеме жасау екі бөлек жүзеге асырылғанмен, дәйексөз мәтін мазмұнында келтіріледі. Ал сілтеме міндетті тұрде зерттеу жұмысының соңындағы анықтама тізімінде көрсетілуі тиіс. АМА стилінде форматтаудың бірнеше жолы бар. Ең тиімдісі, дайындалған ғылыми мақалаңызды арнайы веб-сайтта өңдеп шығу. Қазақ тілінен аударылған кез келген ғылыми мақала үшін бұл жерде бір мұқият қарайтын жағдай: сөйлемдегі (әсіресе гуманитарлық салаларда) кейбір аударылған ұғымдар мен терминдерді «түсінбей» қалуы мүмкін. Мұндай қолайсыздық туындамау үшін сол әрбір ұғымның мағынасын қысқа, әрі нақты түсіндіретін сілтеме беріп, алдын-ала анықтамалық бюро парақшасына тіркеп қойғаныңыз жөн болады.

Арай ЖҮНДІБАЕВА,
философия (PhD) докторы,
лингвист, әдебиет зерттеушісі
Пікірлер