Ресей мен Украина арасында әскери қақтығыс болуы мүмкін

2981
Adyrna.kz Telegram

 Американың халықаралық қатынастар және алдын ала сақтандыру орталығының сарапшылары 2021 жылы Украина мен Ресей арасында әскери қақтығыс болуы мүмкін екендігін болжап отыр.

Америкалық мамандар биыл әлемде болуы ықтимал отызға жуық әскери қақтығыстардың нүктелерін атап көрсеткен.

Бірінші әскери қақтығыстардың болу ықтималдығы өте жоғары аймақтар, бұл тіпті Американың мүддесіне, қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Екінші топқа жататындар – қызғылт сары аймақтар, бұл соғысқа итермелейтін нүктелерге жатады.  Үшінші топтағылар –сары аймақ, оның Вашингтонға аса қаупі жоқ.

Америкалық кеңестің сарапшылары Донбасс аумағында егер Украина мен Ресей нақты шешімге келмесе, әскери қақтығыстардың орын алу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Әзіге мұның шешілетін түйіні байқалмайды. Сондықтан сарапшылар тіпті биылдың өзінде Донбасс аумағында әскери қақтығыс болуы мүмкін деп отыр. Ресей мен Украина арасындағы қақтығысқа ресми Вашингтон сырттан елеусіз қарап отыра алмайды. Бұл жағдай орын ала қалса, АҚШ-қа жанама түрде болса да әсер етеді.

Атап айту керек, америкалық кеңестің баяндамасында көптеген сарапшылар Украина мен Ресей арасында түйіні әзір шешілмеген араздықта түбінде тағы да әскери қақтығыс болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаған. Мұндай жағдайда АҚШ өз мүддесі үшін сыртқы қақтығыстарға араласуға тура келетінін де жасырмаған.

Расында да билікке Байден келгеннен кейін Америка сыртқы елдерде өз мүддесін күшейту тұрғысында қайтадан батыл шараларды жүзеге асыруы мүмкін. Әрине бұл халықаралық саяси жағдайды шииеленістіре түседі.

Еркін ҚАЛДАН, «Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер