Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

2123
Adyrna.kz Telegram

     Есірткі сөзі грек тілінен аударғанда ұйқы деген мағынаны білдіреді екен. Жалпы мағынасын жансыздандыру, сезімнен айырылу деп түсінемін.
Менің ойлайтыным мұндай заттар неге қолжетімді болуы. Неге халық арасында бұл затқа қол жеткізу оңай? Мұндай заттарды сатып бизнес көзіне айналдырғанмен ол өз қандастарымыздың көз жасы ғой ...
Осы есірткіге байланысты біздің сынып оқушыларына сынып жетекші апайымыз түрлі тақырыпта іс – шара өткізіп отырады.
Мұғалім бізге салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу, шылым шекпеу, нашақорлықтан аулақ болу дегенді үнемі құлағымызға құйып үйретуден жалыққан емес.
Біз осындай іс – шаралардан соң « Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген данышпан халқымыздың сөзін ойға аламыз. Сондай – ақ, өмірімізді ұзарту да, қысқарту да өз қолымызда» екенін ұққандай боламыз.
Есірткі кейбір жастар мен жасөспірімдер қызығушылықтан немесе қобалжудан , кәдімгі өмірдегі қиыншылықтан қорқып татып көруі мүмкін.Өкінішке орай, есірткі тартып ешкім де ауырлық пен қайғысын жеңілдете алмайды ғой.
Есірткі шегіп өмірдің ащы шындықтарынан құтыла алмайсыңдар деген сөзді Асем апайымыз жиі үйретіп отырады.
Сондықтан мен және біздер « Есірткіге қарсымыз» , «Нашақорлыққа жол бермейміз» , « Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» деген ұранмен өмір сүруге, аяғымызды барынша шалыс баспауға, еңбектеніп өмір сүруге тырысамыз. Барша жасөспірімдерді, достарымызды тура жолмен жүріп, бақытты өмір сүруге шақырамыз!

#УПНДПКЗО

Қызылорда облысы, Арал ауданы

№ 72 орта мектебі

Бүркітов Абзал Нұрлыбекұлы
10 – сынып оқушысы

Пікірлер