Жаңа туған баланы сөз байласу арқылы өлтіргендер сотталды

2343
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 18 қаңтарда Атырауда жаңа туған баланы алдын-ала сөз байласу арқылы өлтірді деп айыпталған облыстық перинаталды орталық дәрігерлеріне сот үкімін жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «АқЖайық» газетіне сілтеме жасап.

Сот оларды кінәлі деп танып, перинаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері Қуаныш НЫСАНБАЕВТЫ 18 жылға, акушер-гинеколог Асқар ҚАЙЫРЖАНДЫ - 16 жылға, акушерка Жәмила ҚҰЛБАТЫРОВАНЫ - 15 жылға бас бостандығынан айырды. Неонатолог-дәрігерлер Руслан НҰРМҰХАМБЕТОВ пен Дариға ЖҰМАБАЕВА қылмыс туралы хабарламағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығы шектелді.

Үкім шығарған кезде олар қабылдаған «Гиппократ антын» бұзғанын сот айыпталушылар үшін ауырлататын мән-жай деп таныды.

Айта кетейік, өткен жылы Атырау облыстық перинаталдық орталығының мамандарына қатысты ҚК «қасақана адам өлтіру бабы» бойынша іс қозғалған болатын. Ақ халаттылар тірі нәрестені өлі туылған деп есепке алып, тоңазытқышқа салған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер