Есірткіге қарсы күрес

906

Нашақорлық – әлеуметке ортақ проблема, қоғамның дерті. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан бұл ауру әлемдік трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең.    Әр қоғамның өзiнiң бас ауыртар iрi-iрi мәселесi болады. Қоғам өркендеп адам ой-санасы дамыған сайын оған төнер дерт кесел де ғаламаттай қуаттанып, бой бермес бас асаудай күшейе түсетiн түрi бар. Өкiнiштiсi сол, қарап отырсаңыз осындай ем қонбайтын кеселдi, дерттердi адамдар өздерi ойлап табады.

Нашақорлық (грек тілінде narcomania - құмарту) – есірткі заттарына паталогиялық құмарлық. Нашақорлық– бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет.Есірткіні қолданудың және оған кіріптар болудың зардабы сол: одан құтылу мүмкін емес.Нашақорлыққа көбінесе жасөспірімдер шалдығады, алайда осы кезде ересектер арасында да есірткінің тұзағына түсіп қалған адамдар көбейіп келеді. Нашақорлық–жеке тұлғаның толық бұзылуы. Нашақорлықты емдеумен айналысатын мамандар оны «биопсихоәлеуметтік рухани» бұзылыс деп атайды. Яғни есірткіге тәуелді адам бірте-бірте өзін-өзі сыйлауды жоғалтады: өзінің адамгершішік қасиеттерін жояды, психикасы қалыпты болмайды, достарынан, отбасынан айырылады, мамандық ала алмайды және қоршаған адамдарға, өзіне зиян келтіреді.  Адам баласын тура жолдан тайдыратын, күллі өмірін тас-талқан ететін нашақорлық дерті халыққа, қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретіні сөзсіз. Одан зардап шеккен тағдырлар қаншама! Енді олар өзінің бәз-баяғы өмірлеріне орала ала ма, орала алмай ма. Әрине, дер кезінде ес жиып, «адам» болып кеткендері де бар. Бірақ, бірақ… мұндай кеселдің шарбағына бір кірген соң, одан қашып құтыла алмайтының анық. Күндердің күнінде өзінің уытымен, шеңгелімен шырмап алары хақ. Не істемек керек? Оң-солын танып үлгермеген жастарды, ұрпақты сақтауымыз қажет.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, есірткімен күресіп қана қоймай, оны болдырмаудың, алдын алудың жолдарын іздеуіміз керек.  Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол - сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда. Сөзімді мына өлең шумағымен аяқтағым келеді:

Жақындама наша деген тажалға,
Жас өмірді итеретін ажалға.
Өз өмірің өз қолыңда, ей, достым!
Денсаулықтың қадірін біл, бағала!

 #67 орта мектеп

Ідірісова Арайлым, Арал ауданы

#ОПД ЕҚҚIҚБбайқауына

#наконкурсУПДДПКЗО

Пікірлер
Редакция таңдауы