Қыздары мен күйеу баласы кейуананы соққыға жығып, қолын сындырған

2308

Шымкент қаласында кейуананы туған қыздары мен күйеу баласы соққыға жығып, қолын сындырған. Бұл туралы заңгер Еркін Қахаров Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазағым, бауырларым, не болды бізге? Алтынгүл әжені Нағима және Бағила есімді қыздары мен олардың күйеулері соққыға жыққан. Туыстарының айтуынша, қарт ана өмірін қыздарына арнаған, ешқашан тойлар мен демалыс орындарына бармаған, балаларынан ештеме аямаған, ұрмаған, тіпті ұрыспаған. Міне, олар есейіп, өз анасына қол көтерді. Міне осындай, 21 ғасырдың ризашылық білдірген балаларының алғысы»,-деді ол.

Заңгер арадағы түсініспеушіліктің 2018 жылы басталғанын жеткізді.

« Алтынгүл әже кіші қызына марқұм күйеуімен бірге салған, өмір бойы бірге тұрған үйлерін сыйлайды. Осылайша ол бақытты қарттық шағын осы үйде елестетеді. Алайда үй рәсімделгеннен соң 10 күн өткеннен кейін қайғылы жағдай болып, кіші қызы дүниеден өтеді. Жылжымайтын мүліктің мұрагері осы ең кіші қыздың күйеуі (күйеу бала) және оның екі баласы атанады. Ал үйдің 1/8 бөлігі заңға сәйкес, кейуанаға тиесілі. Әйелінің 40 күндігі өткеннен соң күйеуі қайын енесін үйден қуады. Алтынкүл ханым кететін жері жоқ
және оның үйі осында екенін жеткізеді. Содан кейін сот процестері басталып, қарт ана «сәтті» ұтылып қалады. Кейін күйеу бала өз одағына әженің екі қызын қосып алады. Олар да үй үлесін алғысы келіп, аналарын аямай ұрады»,-деп сөзін толықтырды ол.

Осындай сұмдық жайттарды басынан өткізген ана қорлыққа шыдамай, өзіне қол жұмсағысы келген. Алайда оны аман сақтап қалған.

«Шымкент қаласының полиция департаменті, Абай полиция бөлімі! Аналарын ұрып-соққан қыздарды және зейнеткердің күйеу баласын жазалауды сұраймыз. Алтынкүл әженің сол қолы екі жерден сынған, денесі көгерген»,- деді заңгер.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket