Бүгін – Дінмұхамед Қонаевтың туған күні

3452
Adyrna.kz Telegram

Бүгін қазақ халқының ардақты перзенті, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың дүниеге келген күні.

«Адырна» ұлттық порталы дара тұлғаның қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынады.

🔻Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.

🔻Қараң қалған билік қайтып оңалмайды.

🔻Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

🔻Өмір деген осы, бүгін бар, ертең жоқсың. Сен кетті екен деп өмір-өзен ағысын өзгертпейді.

🔻Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің де пенделігі аз болмайды.

🔻Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

🔻Өртті сөндіруден гөрі оны тұтатпау ерлік.

🔻Мырзалар, бір ұртыңмен май шайнап, бір ұртыңмен қан жұтуға болмайды. Атқа мінген әкім үзеңгісін тең баспағанын бетіне бассаң бас, бірақ тарихқа, тарихпен тағдырлас халыққа қиянат жасама.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер