Пашинян «қайтпас сапарға» кетті ме, әлде кері орала ма?

2589
Adyrna.kz Telegram
The session of the Eurasian Intergovernmental Council took place at the Karen Demirchyan Sports and Concerts Complex
The session of the Eurasian Intergovernmental Council took place at the Karen Demirchyan Sports and Concerts Complex

Армения үкіметінің басшысы Николай Пашинян "Звартноц" әуежайына жетіп, Мәскеуге аттанды. Бұл туралы наразылық білдірушілердің бірі мәлімдеді,деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Спутник-Армения сайтына сілтеме жасап. "Егер премьер-Министр Мәскеуде қандай да бір құжаттарға қол қойса, Арменияның әуе кеңістігі ол үшін жабылады" деп ескерту жасады наразы топ.  

Пашинянды Мсәкеудегі кездесуге жібермейміз деген наразы топ бүгін оның жолын жапқан болатын. Әуежайға баратын жолды кес-кестеген армян оппозиционерлері жолды ашпас бұрын, Пашинянға үлкен ескерту жасады. "Никол Пашинян - заңсыз Көшбасшы, ол Арменияны білдірмейді, ал ертең ол қол қойған құжаттар ешқандай заңды күшке ие болмайды", - дейді наразылық білдірушілердің белсендісі.

Осыдан кейін оппозиционерлер бұл наразылықты аяқтап, Звартноц әуежайына апаратын жолды ашатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, оппозиция 11 қаңтарда таңертең Армения үкіметінің басшысына Мәскеуге баруға мүмкіндік бермеу мақсатында акция ұйымдастырды, онда ол Ресей мен Әзірбайжан Президенттері Владимир Путин мен Ильхам Әлиевтің қатысуымен үшжақты келіссөздер жүргізуге ниетті.

Тараптар Қарабақ төңірегіндегі жағдайды, сондай-ақ тұтқындарды қайтару және коммуникацияларды ашу мәселесін талқылайды. Пашинянның қарсыластары кездесуде елдің мүдделеріне нұқсан келтіретін құжатқа қол қойылады деп санайды.

Пашинянның еліне қайта оралуы осы кездесуде қабылданған келісімшарттарға қол қоюымен анықталатын сияқты. Өйткені армян оппозициясы оны шығарып салып тұрып, қатты ескертті: "Егер Пашинян еліміздің атынан қандай да бір құжатқа қол қойса, әуе жолдары жабылады",- деді. Пашинян "қайтпас сапарға" кеткендей ме, қалай? Не болса да, әліптің артын бағайық.

Пікірлер