Президент мақаласында Қазақстанның өсу және қалыптасу кезеңі түгел қамтылған – Серік Берқамалов

788

«Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Серік Берқамалов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласына қатысты осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының мақаласы Қазақстанның өсу және қалыптасу кезеңдерін түгел қамтылған. Маған, әсіресе, мақаладағы Тәуелсіздік - ең үлкен құндылық екендігі туралы ойлар ұнады. Тәуелсіздігіміз 1991 немесе 1986 жылы қалыптасқан жоқ, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихи тамыры тереңде. Мемлекеттің тарихи сабақтастығын түсіндіру бойынша мемлекеттік жоғары деңгейде нақты бағыт берілуі – өте сирек кездесетін жағдай», - дейді «Қазақстан заңгерлер одағы» РҚБ елорда филиалының төрағасы Серік Берқамалов.

Оның айтуынша, бүкіл әлем аумақтық тұтастығымыздың халықаралық шарттармен бекітілгенін Мемлекет басшысының өз аузынан естіді.

«Мақалада Каспий конвенциясы туралы да айтылған. Яғни, біз Каспий теңізінің Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттер арасында бөлінуіне қатысты ұзаққа созылған даулы мәселені шештік. Өз мүддемізді қорғау тұрғысынан алып қарағанда бұл біздің мемлекетіміздің үлкен жеңісі деуге болады», - дейді ол.

Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаев мақалада көтерген экология тақырыбына да тоқталып өтті.

«Өз жерімізге өзіміз зиян келтіріп жатқанымызды мойындауымыз керек. Президент Көбейтұз көлі, Көкжайлау шатқалына қатысты экологиялық мәселелерді айтып өтті. Заңгер ретінде айтарым, Жер Ананы құрметтеу, экологияға жанашырлықпен қарау сияқты кейбір нәрселерді заңмен қадағалау қиын. Бұл мәселеге қатысты сұрақтар мұндай әрекеттер үшін заң аясында қалай жауап беруге емес, адамдардың тәрбиесіне, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне байланысты туындайды. Бала кезден бастап табиғатты аялауды үйрету керек. Мақалада осыған қатысты өте орынды ой айтылған, ол ой халық тарапынан қолдау табады», - дейді Серік Берқамалов.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket