31 желтоқсан жақындаған сайын қоғамда жыл сайын «Жаңа жылды тойлау дұрыс па?» деген сұрақ туындауы дәстүрге айналды. Биыл да бұл сұраққа біраз адам бас қатырғаны мәлім. Бірі «қажеті жоқ» десе, енді бірі «жаңа жылды тойлау керек» дейді. Негізінен бұл сұрақтың пайда болуы да бекер емес.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, іргемізді бекітіп, өшкеніміз жанып, өз дүниелерімізге қайта қол жеткізе бастадық. Соның бірі Кеңес дәуірінде алыстап кеткен діни сенімімізді қайта бекіттік. Міне, осы тұста 31 желтоқсан өзге дін өкілдерінің наным-сеніміне негізделген мейрам деген түсінік пайда болып, жаңа жыл мерекесін тойлауға қарсы топ бас көтерді. Осыған қатысты Islam.kz сайтында «жаңа жылды тойлау керек пе?» деген сұраққа діни тұрғыдан жауап беріліпті. Назарларыңызға сол сұрақ-жауапты өзгеріссіз беріп отырмыз. Пікір қосыңыз, сіз қалай ойлайсыз?
- Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Жаңа жыл мерекесін тойлау күнә ма?
- Сұрақ: Ассәләмуғалейкум уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ! Үй-іші мына жаңа жыл мейрамын дастархан жайып күтеді. Намаз оқитын болсам кетіп қалуым керек пе? Бірақ дастарханда бәрі халал, ішімдік жоқ.