«Мұғалім ғана емес, журналистер де оңып тұрған жоқ»

2393
Adyrna.kz Telegram

Танымал журналист Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ өзінің әлеуметтік желі парақшасында мұғалімдер мен биліктің қолбаласына айналған басқа да мамандық иелеріне қатысты жазба қалдырды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.  Журналист кез келген саяси науқанда мұғалімдер шапқыласа, ал биліктен түрлі марапат алу үшін журналистердің де жалпақтап, жарамсақтанатын жағдайы жиілеп кеткенін айтады.  

«Мұғалімдерді кінәлайтындар бар. “Азаматтық ұстанымы жоқ, билікке қарсы шыға алмайды, қорқақ”, - деп. Бірақ тек шындықты айтады деп ел үміт күтетін журналистер де оңып тұрған жоқ қой? Журналистер арасында да қорқақтар көп) Сайлаусыз не сайлауалды кампаниясыз-ақ биліктің артына кіріп, алғыс хат алып, ордень-медаль жинап, әкімқараларға жалбақтап жүргендерден көз сүрінеді. Жарамсақтығына арланбайтын журналистерді де көріп жүрміз. Бұл ақын-жазушыларға да қатысты. Білім саласындағы қызметкерлер арасында саяси тұрғыда белсенді болуға лайық тұлғалар жетерлік. Бірақ олар дәл қазіргі жемқор жүйеге қарсы шыға алмайды. Бос әуре. Мұғалімнің басты міндеті - балаларға білім беру. Бірақ біздің сорлы билік оларды мәжбүрлейді ғой саясатқа араласуға: түрлі сайлау кезінде дауыс беруге шақыратындар - мұғалімдер, халық санағы болатын кезде үй-үйді кезіп, отбасыларды түгендейтін - мұғалімдер, әнебір партияның жиналысында залды толтырып отыратын - мұғалімдер... Иттің құлы итақайы басынады мұғалімдерді. Тіпті, баласына үй тапсырмасын орындауға көмектесуге нервісі жетпейтін қояншық әке-шешеге дейін аузына келгенін айтып, міндетсиді. Әкімдердің жиналысы, субботник, аула тазалау, Құдайға қажеті жоқ газеттерге жазылу, түрлі науқандарға белсене араласу... Соның бәрі әкімдіктердегі кейбір топастардың бұйрығымен жүзеге асырылады. Қағазбастылығы тағы бар мұғалімдердің. Мектеп пен білім беру саласын тек Білім министрлігіне беру керек. Әкімдер, әкімдіктердегі білім басқармалары ваще мұрнын тықпасын. Сосын барып білім сапасын тек министрліктен талап етсін. Журналистер осы мәселені жиі көтергені жөн. Билікке бәрібір, әйтпесе."

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер