Сабина Алтынбекова той жасаудың орнына жетім балаларды қуантты

1115

Белгілі қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова мен жары Саят Салманұлы үйлену тойының орнына қайырымдылық жасап жұртты тәнті етті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жас жұбайлар қуанышын Алматы облысындағы №1 балалар үйіндегі балалармен бөлісуді жөн көрген. Бұл туралы белгілі блогер Бейбіт Алибеков өз Instagram парақшасында жариялады.  Блогер парақшасына жас жұбайлармен бірге балалар үйі алдында түскен суретті жүктеген. Оның жазуы бойынша, Сабина мен Саят 100-ден астам балаға тәтті тағамдар таратып, қуантып қайтқан.

«Жастарға бақыт тілеймін. Саят пен Сабина керемет үлгі көрсетті. Пандемия кезінде той орнына, 100-ден аса балаға қуаныш сыйлауға болады. Үздіксіңдер»,-деп жазды ол.

Жас жұбайлардың бұл ісіне тәнті болған көпшілік жазбаның астына жылы лебіздеріін қалдырған. Дегенмен, жасаған жақсылықты жария етпеу керектігін алға тартқан пікірлер де бар.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы