Кешірім сұрауын талап етемін!

4375
Adyrna.kz Telegram

Мына пост Қазақстан ұлттық арнасының төл туындысы “Тәлім trend” бағдарламасының өткен аптадағы сарапшысы, жақтаушысы, мемлекеттік “Дарын” сыйлығының лауреаты Сырым Әуезханның 1 желтоқсандағы мерекелік құттықтауының мәтіні. Ол кісінің ұғымынша адам және әйел екі ұғым екен. Әйел адам емес, дүниемен, затпен тең тұратын бір нәрсе ғана. Жазбасын оқысаңыз әйелді жақсы көргені үшін кінәлау жатыр, өшпенділік жатыр.

Айтуынша, адамдар дүние мен әйел беретін ләззатты жақсы біліп алған көрінеді. Мынадай түсінік иесі болу үшін қандай ортада өсіп-өну керек? Бүгінгі Қазақстан әйелдері мен қыздары тұрмыстық-зорлық зомбылықтың ғана емес, осындай шектен шыққан көзқарастың құрбанына айналды. Және соншалықты сорақы ой айтып тұрғанына пост авторы да, оның айналасы да титтей күмәнданбайды, өйткені ешқандай теріс пікір жазылмаған.

Гендерлік стереотиптердің таратушысы, қайнар көзіне айналған осындай тоқыраудағы надан көзқарастарға қашан тосқауыл болады? Осы кісілерге әйелдердің мүлік емес адам екенін сәт сайын есіне салып, дәлелдеуден шаршадық.

Конституцияда «Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды» деп бекітілген.

Гендерлік теңдік деген деген еркекпен жауласу емес, отбасының бар ауыртпалығын қайыспай көтеріп жүрген сіздің анаңыздың, әпке-қарындасыңыздың бақыты, қуанышы, бостандығы, күлкісі. Әйел атаулының қадір-қасиетін аяққа таптап отырған Сырым Әуезханды шұғыл жауапқа тарту керек, барлығымыздан кешірім сұрасын!

Ая Өміртай,

Facebook парақшасынан алынды. 

Пікірлер