«Құрмет» орденін алған генерал-майор сотталды

2548

ҚР Қорғаныс министрлігі Кадр департаментінің бұрынғы басшысы, генерал-майор Қайрат Көпбаев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram аккаунтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда генерал-майорға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды.

«2019 жылдың мамыр айында Көпбаевтың Ақтөбе қаласындағы «Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты» РММ-ға офицерлік лауазымға тағайындағаны үшін 200 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Ақмола гарнизоны Әскери сотының үкімімен Көпбаев мемлекеттік қызметте өмір бойына лауазым атқару құқығынан және 5 жылға бас бостандығынан айырылды», - делінген хабарламада.

Сонымен бірге, сот Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Көпбаевты генерал-майор әскери атағынан және «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізген.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket