Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік дұрыс сақталмай отыр

2216
Adyrna.kz Telegram

17 желтоқсанда Қазақстан Халық партиясының Астана қалалық филиалы елордадағы қоғамдық көліктердің қауіпсіздігіне мониторинг және агитация жұмыстарын жүргізді. Рейд барысында пандемия жағдайына байланысты санитарлық талаптар барынша сақталды.

– Қаладағы қоғамдық көлік инфекция мен вирус таралатын ошаққа емес, қауіпсіз жерге айналуы керек, – деп санайды ҚХП өкілдері.

ҚХП белсенділері мен еріктілері автобус салондарының толымдылығын, ондағы әлеуметтік қашықтықты сақтау мүмкіндігін, сондай-ақ жол жүру төлемін тексеретін бақылаушылар, жолаушылар, жүргізушілер тарапынан карантиндік нормалардың сақталуын (олардың жеке маскалары, қорғаныс құралдары және т.б. болуы керек) тексерді.

Қазақстан Халық партиясының қалалық филиалы қоғамдық көліктерге алғаш рет мониторинг жүргізіп отырған жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында филиалдың белсенділері мен еріктілері халық тарапынан түскен көп шағымдардан кейін автобустардың қыста қаншалықты жиі жүретінін, көліктердің жүру интервалының қандай екенін тексерді. Нәтиже көңілге қуаныш ұялатпады.

– Қала тұрғындары көліктерді ұзақ күтетінін айтып, шағымданған болатын, – деді ҚХП Астана қалалық филиалының жетекшісі Нұрдәулет Оразханов.

Партия белсенділері мәселелерді анықтап, елорда әкімдігіне және басқа да атқарушы органдарға хат жолдады. Атап айтқанда, проблемалық бағыттар бойынша жаңа желілер қосу, ал бұрынғы бағыттарға қосымша көліктер алу ұсынылды.

Карантин кезеңінде жағдай түбегейлі өзгерді.

– Қазіргі уақытта біздің қала коронавирустық пандемияға байланысты «қызыл аймақта» орналасқан. Алайда автобус салондары адамға толып тұрады. Бұл проблема әлі шешілген жоқ. Бұрын азаматтардың діттеген жерге кешігіп келетіні қиындық тудырса, енді қазіргі жағдай олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп отыр, – деді ол.

Қазір ҚХП белсенділері тек көліктерді ғана тексермейді. Өкінішке қарай, көптеген азаматтар жеке қауіпсіздік мәселелеріне де тым немқұрайлы қарайды.

– Мұндай адамдар өздеріне және басқаларға қауіп төндіреді. Олар медициналық масканаы кимейді немесе оларды дұрыс пайдаланбайды, – деді Нұрдәулет Оразханов.

ҚХП белсенділері автопарктерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдерін қалалық автобустарды қауіпсіз етуге шақырды. Рейд қорытындысы бойынша партия мүшелері елорда әкімдігіне хат жолдап, тасымалдаушы компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізді.

ҚХП Астана қалалық филиалы

 

Пікірлер