Желтоқсандықтарды жарылқай алмадық

1548

Бүгін Алатау ауданының әкімдігі қаза тапқан желтоқсандықтардың рухына арнап ас беріп, құран оқытты. Шараға желтоқсандықтармен қатар, батыр ана, желтоқсан құрбаны Ләззат Асанованың анасы Алтынай Асанова қатысты. Шара барысында желтоқсандықтар мемлекет тарапынан 150 000 теңгелік көмектің берілгенін жарыса айтысып жатты. Алайда әр жыл сайын 16 желтоқсанда берілетін қаржы осы жолы да Алтынай апамызға бұйырмапты. «Алтынай апамызға қаржы неге берілмейді?» деген сұраққа «Ақиқат» желтоқсаншылар ұйымының Алатау ауданындағы төрағасы Ералы МӘМБЕТБАЕВ төмендегідей жауап берді.

–Қазір Алматы бойынша желтоқсандықтардың 12 ұйымы бар. Өкінішке қарай, ұйым-ұйымға бөлініп, бастарымыз әлі де бірікпеуде. Сый-ақыны ақталғандар ғана алды. Алматы қаласы бойынша шамамен 300-дей желтоқсандық 150 000 теңге қаржыға ие болды. Алтынай апамызға ғана берілмей жатқан қаржы келешекте шешіледі деп ойлаймын. Өз басым осы мәселені енді көтерсем деп жүрмін.

Әрине, 150 000 мыңның сойылын соғу былай тұрсын, Алатау ауданы әкімдігі ұйымдастырған шарада да Алтынай апамызды бір парақ мақтау қағазымен шығарып салғаны көңілге кірбің ұялатады екен. Ех, бұндайда «өзгені жарылқауда шебер, өз жақсысын үкілей білмейтін қазағым-ай» деуден басқа амал жоқ секілді...

 

Ақгүл АЙДАРБЕКҚЫЗЫ,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket