Назарбаев: "Біз осының бәрін бақылап, бірге уайымдадық"

2185
Adyrna.kz Telegram

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев биыл Беларусь пен Арменияда болған оқиғалар туралы ойын айтты, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысушыларға шақырғаны үшін алғыс айтты.

"Бұл жыл жағымсыз оқиғаларға толы болды, оның ішінде пандемия, экономикалық дағдарыс, Беларусьте өткен  сайлау, Арменияда болған оқиғалар. Біз осының бәрін бақылап, бірге уайымдадық. Бұл артта қалады деп үміттенемін. Пандемияның өзі дағдарыс кезінде мемлекеттің маңызды рөлін тағы да көрсетті.

Мемлекеттік реттеудің жедел шараларының арқасында біз пандемия дамуының жағымсыз сценарийлерінен аулақ бола алдық. Тек мемлекеттік қолдау ғана азық-түлік, дәрі-дәрмек және басқа да әлеуметтік маңызы бар өнімдердің ішкі нарықтарында тұрақтылықты қамтамасыз етті. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер кооперациясының шеңберінде өзара гуманитарлық көмек алмасудың жоғары деңгейін атап өтемін", - деді Елбасы.

Пікірлер