300-ден астам адам белгісіз кеселмен ауруханаға түсті

3440
Adyrna.kz Telegram

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Элуру қаласының бір тұрғыны белгісіз аурудан қайтыс болды. Тағы 315 азамат аурудың ұқсас белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды «Адырна» «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастарда бас ауруы, бас айналу, естен тану және эпилепсия белгілері бар. Тұрғындар аталған белгілермен 5 желтоқсаннан бастап ауруханаларға түскен, ал 6 желтоқсан түнде олардың саны 315-ке жетті, олардың 70-і әйелдер мен 46-сы балалар. Пациенттердің көпшілігінің жағдайы тұрақты. Сонымен қатар пациенттерден алынған коронавирус тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Қазіргі уақытта жергілікті денсаулық сақтау органдарының өкілдері аурудың қоздырғышы анықталмағанын айтты. Науқастардың су, тамақ және қан сынамалары зерттеуге жіберілді. Сонымен бірге, ведомство мұндай жаппай ауыру ауаның ластануымен немесе сапасыз өнімді тұтынумен байланысты болуы мүмкін екенін айтуда.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер